Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысында 16 тойхана бизнесін басқа бағытқа ауыстырды

2021 жылдың 14 маусым 2021 01:17

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 16 тойхана өзінің бизнесін басқа бағытқа ауыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде тойхана бизнесін өзге салаға қайта бағыттау жұмыстары жүруде.

Нәтижесінде бұрын тойхана қызметін атқарған 16 орын енді нан өнімдерін шығару, қоғамдық тамақтандыру, тігін шеберханасы, спорт кешені, құрылыс заттарын сататын дүкен және тағы басқа кәсіпорындар қызметін таңдады.

Пандемиямен күрес аясында бүгінде халықтың басым бөлігімен жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерліктің 142 ірі субъектісі (510-ның 28%-ы) «Ashyq» қосымшасын пайдаланады. Негізінен, бұл қоғамдық тамақтану объектілері, бассейндер, фитнес залдар, спа-орталықтар және компьютерлік клубтар.

«Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және COVID-19-дың таралуын барынша азайту үшін «Ashyq» мобильдік қосымшасын кез келген жоғары оқу орны, банктер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жеке медициналық орталықтар және басқалары ерікті қатысушы ретінде осы жобамен өз жұмысын жүзеге асыра алады», - деді облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов.


Жоғары қарай