Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылорда облысында 9 әкімшілік ғимарат бүлінген

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 15:36

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жаппай тәртіпсіздік салдарынан залал келтірілген 9 әкімшілік ғимаратын қалпына келтіру жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайға байланысты бүгінде облыста зардап шеккен әкімшілік және кәсіпкерлік ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Облыс әкімінің және аумақтық коменданттың бұйрықтарына сәйкес бұл мақсатта облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына тиісті тапсырмалар берілген.

«Күшейтілген жауынгерлік қызметтегі құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әскерилер қаңтардың 7-19 аралығында 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қала аумағында өртенген көліктерді арнайы тұраққа тасымалданды. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан залал келтірілген 9 мемлекеттік әкімшілік мекеме ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге, ғимарат іштерін өрт қоқыстарынан тазарту, жарамсыз есіктер мен терезелерді ауыстыру, қабырғаларды ыстан тазарту, қайта сылау жұмыстары атқарылуда», - деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Әлиев.

Сондай-ақ Қызылордада тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің тізімі жасалуда.



Жоғары қарай