Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысында әкім сайлауына тұрғындар белсене қатысуда

2021 жылдың 25 шілде 2021 11:15

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Қаракеткен елді мекенінде ауыл әкімі сайлауына 4 адам үміткер ретінде тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміз үшін маңызды шара таңғы уақытта басталды. Елді мекендегі №657 сайлау учаскесіне жиналған көпшілік өз таңдауына жасауға белсенділік танытып отыр. Сайлау учаскесінің төрайымы мұнда 15 бақылаушы жұмыс жасап жатқанын айтты. Олардың қатарында партиялар қатарынан келген азаматтар, сенімді өкілдер бар.

Алғашқы дауысты көпбалалы ана, зейнеткер Рыскал Қалданова берді. Ол кісі сайлауға түскен төрт азаматтың да бағдарламасымен толық таныс екенін атап өтті.

«Айта кетейік, бұл еліміздің саяси өмірінде маңызы зор шара. Ол халықтың өзін-өзін басқару ісінде жасалған ізгі қадамның бірі. Ауылдық округте сайлауға түсіп жатқан төрт азамат та халықтың мұң-мұқтажын шешуге белсене атсалысады деген ойдамын. Бұл бағытта елмен етене жұмыс жасау арқылы көптеген түйткіл шешімін табады деген ойдамын», - деді Р. Қалданова

Ал Жәнібек Салманов биыл 18-ге енді толған. Алғаш рет сайлауға қатысып отыр. Ол ауыл дамуына осылайша өз үлесін қосқанына айтады.

Айта кетейік, өңірдегі жеті ауданда ауыл әкімі сайлауы өтуде. Сайлауға 40 ауылдық округте 131 үміткер қатысуда.

Облыс бойынша 54 сайлау учаскесінде дауыс беру өтіп жатыр. Оған 304 комиссия мүшесі тартылған.

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 09.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 23,6 % алды.


Жоғары қарай