Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысында ауа райына байланысты жол жабылды

2021 жылдың 25 ақпан 2021 00:33

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде «Қазавтожол» ЖШС Қызылорда облысы бойынша филиалы хабарлады.

«Қызылорда облысында ауа райы күрт нашарлады. Қатты жел, бұрқасын соғып тұр. Сондықтан республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1357 шақырым аралығында көліктің барлық қозғалысына шектеу қойылады. Бұл Арал қаласының шекарасынан бастап Ақтөбе облысына дейінгі аралықты қамтиды» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Маңығстау облысында бірқатар жолда көлік қозғалысына тыйым салынғанын жазған болатынбыз.

Жоғары қарай