Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қызылорда облысында ауыл тақырыбында жазатын журналистер марапатталды

2020 жылдың 27 маусым 2020 01:10

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Ауыл» халық-демократиялық патриоттық партиясы Қызылорда облыстық филиалының басшылығы өңірдегі ауыл шаруашылығы тақырыбында қалам тартып жүрген журналистерді марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шара Бұқаралық ақпарат құралдары мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды. Онда филиал басшысы Серікбай Өмірзақов қалам иелеріне тілектестігін білдіріп, еліміздің және өңірдің ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыс жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.

«Еліміздің аграрлық саласында көптеген игілікті іс жүзеге асырылып келеді. Осындай жарқын жобалар Сыр өңірінде де жасалуда. Аймақ еңбеккерлері негізінен күріш шаруашылығымен айналысады. Бұл салада қол жеткен табыс аз емес. Соңғы жылдары күріштің жаңа сорты өндіріске енгізіліп, жерден қазына іздеген қарапайым шаруа қауымы мол табысқа негіз қалады. Сол табысты көпшілікке кеңінен жеткізуде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің атқарған еңбегі зор. Біздің партияның негізгі мақсаты - ауыл жұртшылығының жағдайын жақсартып, ауқымды жобалардың жүзеге асуына ықпал жасау. Осы бағытта көп жұмыс жүзеге асты. Сол игілікті істерді насихаттауда журналистерге партия атынан ризашылығымызды жеткізгіміз келеді», - деді Серікбай Өмірзақов.

Журналистер атынан Дәуіржан Елубаев, Мира Жәкібаева өз пікірімен бөлісті. Партия жұмысына сәттілік тіледі.

Филиал басшысы келесі кезекте партия атынан журналистерге сый-сияпат жасады.


Жоғары қарай