Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қызылорда облысында дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректері анықталды

2020 жылдың 11 шілде 2020 18:11

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында полицейлер дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс көлемінде дәрілік заттардың сатылуына мониторинг жүргізілді. Осы бағытта жүргізілген шара барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері дәрілік заттардың үстеме бағамен қосып заңсыз сатудың 6 дерегін тіркелді.

Қызылорда қаласының тұратын 33 жастағы азаматша дәріханада жоқ дәрілерді сатып тұрған жерінен ұсталды. Одан айғақ зат ретінде «Цифран ОД 1000 мг», «Тромбо АСС 50 мг», «Цифран 500 мг» дәрілер тәркіленді. Ал облыс тұрғыны интернет желісі арқылы «Цефепим» ампуладағы ақ түсті ұнтақ дәрісін сататыны жөнінде хабарлама жариялаған. Тексеру барысында бұл азаматтан айғақ зат ретінде 11 дана «Цефепим» (ампулада) дәрі алынды.

«Осындай заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан Қызылорда қаласында тұратын 38 жастағы азаматша ұсталды. Азаматша әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, дәрілік препараттарды көтеріңкі бағамен сатқан.

Осындай жөнсіздікке жол берген Қызылорда қаласында тұратын 42 жастағы азаматша дәрілік препараттарды жоғары бағамен сатқан. Қызылорда облысының тағы бір тұрғыны интернет желісі арқылы дәрі сататыны жөнінде хабарлама жариялаған. Тексеру барысында бұл азаматтан айғақ зат ретінде 10 дана «Ригидрон», 12 дана «Ципрокс», 3 дана «Флемокслаф» дәрілік препарттары алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Бүгінгі таңда бұл деректер бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда.

Тексеру барысында анықталған заңсыз дәрі-дәрмек сату деректері бойынша заңға сәйкес құқықтық баға берілетін болады.

Сондай-ақ, Қызылордада қызметтік көліктер жедел жәрдем қызметін атқарады


Жоғары қарай