Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысында коронавирусқа шалдығу көрсеткіші екі-үш есеге төмендеді

2021 жылдың 13 мамыр 2021 21:02

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында соңғы күндерде коронавирусқа шалдыққан науқастардың саны екі-үш есеге төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамыр айының алғашқы аптасында өңірде қатерлі індетке шалдыққан тұрғындар саны тәулігіне 70-80 адамды құрады. Ал өткен тәулікте 30-ға жуық науқас тіркелді.

Былтырғы жылдан бері облыста 6145 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ал биылғы жыл басынан мұндай 2753 жағдай тіркелген. Атап айтқанда, қаңтарда - 217, ақпанда - 240, наурызда 195 адам індетке шалдықты. Ал сәуір айында індет қайта өршіп, салдарынан 1540 адам науқастанды. Сондай-ақ, мамырдың 12 күнінде 561 жағдай есепке алынған.

«Соңғы аптадағы көрсеткіштер бойынша Қызылорда облысы 10 мамырдан бастап эпидахуалды бағалау матрицасында «жасыл» аймаққа ауысты. Бұл ретте карантин талаптарын жеңілдету ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы Қаулысына сәйкес 7 күннен ерте жүргізілмейді. Эпидахуалдың тұрақтануына және өңірдің «жасыл» аймаққа ауысуына вакциналау жұмысы оң нәтиже көрсетті. Еліміз бойынша 1 ақпаннан бері ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакциналау жұмысы жүргізілуде», - деді Қызылорда облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Естеріңізге сала кетелік, қазірге дейін Қызылорда облысында 72 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Жоғары қарай