Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысында «қызыл» статусы бар 174 адамға айыппұл салынды

2021 жылдың 5 қазан 2021 21:33

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған «қызыл» мәртебедегі 174 адамға 7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде карантин талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу жалғасуда. Жыл басынан бері мониторингілік топтың рейдтік тексерісі негізінде 14 525 нысан қамтылды. Нәтижесінде карантин талабын бұзудың 793 дерегі анықталды. Оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігімен 51 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

«Соған қарамастан карантин талабын бұзушылық әлі де жалғасуда. Жыл басынан бері той өткізудің 510 дерегі анықталды. Облыс көлемінде «Ashyq» жүйесі үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 1117 азамат нақтыланды. Оның ішінде 728 адам «қызыл», 389 тұлға «сары» мәртебеге ие. Оқшаулау режимін бұзушы «қызыл» мәртебедегі 174 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, 7 млн теңгеден астам айыппұл салынды. «Сары» мәртебедегі 226 тұлғаға санитариялық індетке қарсы профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы тағайындалды.

Қызылорда облысы 26 қыркүйектен бастап «жасыл» аймаққа ауысты. Аурушаңдықтың тәуліктік көрсеткішінде төмендеу тенденциясы бар. Дегенмен сақтық шараларын орындау әлсіремеуі тиіс. Әсіресе адам көп жиналатын орындарда бетперделік режим мен әлеуметтік ара қашықтық сақтауды ұсынамыз», - деді облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.

Айта кетсек, бұған дейін Қызылорда облысында 126 оқу сыныбы 14 күнге карантинге жіберілгенін жазған едік.


Жоғары қарай