Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылорда облысында төтенше жағдай режимін бұзған 44 адамға айыппұл салынды

2022 жылдың 18 қаңтар 2022 17:36

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында төтенше жағдай режимін бұзған 44 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде төтенше жағдай режимін бұзудың 244 құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Сот шешімімен 21 адамға ескерту берілсе, 44-не айыппұл салынды. Қазір 159-і әкімшілік қамауға алынды, 20 әкімшілік іс сотта қаралуда.

«Ал «Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңнамасын бұзудың 127 дерегі анықталып, 13 құқық бұзушыға ескерту, 11-не айыппұл, 92-не әкімшілік қамауға алу түріндегі тәртіптік шаралар тағайындалды, 11 әкімшілік іс сотта қаралуда. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, бүлікке қатысқан 96 адамның үстінен 53 қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Байқоңырда арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқан адам анықталды.


Жоғары қарай