Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысында төтеншеліктер мыңнан астам үйге көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатты

2021 жылдың 12 қаңтар 2021 03:23

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында жылу беру маусымы басталғаннан Төтенше жағдай департаментінің мамандары аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар тұратын 1 048 тұрғын үйге көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бақтияр Тұрманов брифингіде осылай мәлімдеді.

Жалпы, маусым басталғалы өңірде 117 өрт болған. Ал соңғы 10 күндікте 19 өрт тіркелді. Оның ішінде, үш газ баллоны жарылды.

«Өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында 891 обьекті тексерілді. Тексеру барысында 2 288 бұзушылық анықталды. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 592 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Өңірде жылу беру маусымы аяқталғанға дейін әр аптаның сенбі күні «Өрт қауіпсіздік сенбілігі» болып жарияланған болатын», - деді Бақтияр Тұрманов.

Жоғары қарай