Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысында жоғалып кеткен аңшы үш күннен бері іздестірілуде

2020 жылдың 30 қазан 2020 01:41

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жоғалған аңшы үш күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәлім болғандай, 27 қазан күні Арал ауданына қарасты Қаратерең елді мекенінде үш адамнан тұратын аңшылар тобы құс атуға шыққан. Біршама уақыттан кейін олардың біреуі жоғалып кеткен. Достары оны өз бетінше іздеуге тырысқанымен, нәтиже шықпаған. Келесі күні де ер адамды табу мүмкін болмаған.

«Бүгін тиісті орындар тарапынан жоғалып кеткен аңшыны іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Ақтөбе қаласында тұратын 1974 жылғы азаматты іздеу «Көкарал» плотинасынан басталды. Бұл шараға Қызылорда облысы Өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 техника, жергілікті полициядан 8 қызметкер 2 техника және аудан әкімдігінен 5 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды.

Қазір плотина аумағынан 30 шақырым жерде іздеу жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушылар көл маңайындағы батпақты жерлерді назарға алып отыр. Әзірге нәтиже берген жоқ», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметінен.


Жоғары қарай