Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қызылорда облысында жыл басынан 8 адам суға кетті

2020 жылдың 27 мамыр 2020 09:26

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы каналға 34 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға ауданға қарасты Ы.Жақаев ауылы жанындағы суармалы каналда болды. Бұл жөніндегі хабарлама Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 12.30 шамасында түскен.

«Іздестіру жұмысына Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері, 1 қайық және 2 техника жұмылдырылды. Сағат 17.50-де суға кеткен азаматтың денесі табылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Айта кетейік, жыл басынан облыста 8 адам судан ажал құшты. Оның біреуі – жасөспірім, екеуі – бала, қалғаны – ересек азаматтар. Былтыр бұл жағдайдан барлығы 26 адам қаза тапса, оның 10-ы – бала.

Бұдан бұрын Қызылордада 10 жасар бала суға ағып кетті. Оның мәйіті үш күннен кейін табылды.

Сондай-ақ Қызылордада 17 жастағы жасөспірім Сырдарияға батып кетті.


Жоғары қарай