Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысында жылумен жабдықтау қызметіне тариф төмендеді

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 21:01

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жылумен жабдықтау қызметіне тариф төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Теміржолсу-Қызыл-Орда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2019 жылғы тарифтік сметасының орындалуына талдау жүргізді. Оның барысында тарифтік сметаны орындауды талап ететін «Табиғи монополиялар туралы» заңның 26-бабы 2-тармағының 15-тармақшасы сақтамалғаны анықталды.

«Теміржолсу-Қызыл-Орда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылумен жабдықтау қызметі бойынша қайта қаржыландыру ставкасын қоса есептегендегі негізсіз алынған табысы - 290 700 теңге.

Осылайша, 2020 жылғы 1 қарашадан бастап тұтынушылар топтары бойынша қолданыстағы тариф 0,52 пайызға, атап айтқанда:

- тұрғындар үшін 1 Гкал-ға ҚҚС-сыз 2307,0 теңгеден 2295,03 теңгеге,

- бюджеттік мекемелер үшін 1 Гкал-ға ҚҚС-сыз 5941,85 теңгеден 5911,01 теңгеге,

- өзге де тұтынушылар үшін 1 Гкал-ға ҚҚС-сыз 11875,93 теңгеден 11814,29 теңгеге төмендетіліп, уақытша өтемдік тарифтер енгізіледі.

Сонымен бірге, серіктестікке табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзған кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді.


Жоғары қарай