Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысындағы барлық оқу орындары «Ashyq» жобасына қосылды

2021 жылдың 30 тамыз 2021 20:30

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысындағы барлық оқу орындары «Ashyq» жобасына қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде мектеп жасындағы балалар арасында коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың 1132 жағдайы тіркелсе, студенттер арасында 47 жағдай анықталған.

«Сондықтан жаңа оқу жылында санитарлық талаптардың сақталуы маңызды. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл мектептерде оқу процесі күшейтілген медициналық бақылауды сақтай отырып ұйымдастырылады. Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылданды. Мәселен, облыстың барлық оқу орындары «Ashyq» жобасына қосылды, мұғалімдер вакцина алуда, мектептер қорғаныш құралдарымен жабдықталған. Білім беру нысандарында педагогтар, персонал және білім алушылар күнделікті «кіру» сүзгісімен қамтамасыз етіледі», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.

Оқу маусымында орта білім беру ұйымдарының, колледждердің және жоғары оқу орындарының, интернаттардың және жатақханалардың жұмысына қойылған талаптардың орындалуы қадағаланады. Бұл талаптар облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қатаң бақылауында болады.


Жоғары қарай