Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылорда облысының Бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 21:50

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Білім мекемелеріндегі оқу форматына қатысты шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған қаулыда ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы №4 қаулысы негізге алынған.

Құжатқа сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарда оқушылардың білім алуы («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда) ата-аналардың өтініштері бойынша штаттық форматта өткізіледі.

Жалпы білім беру мектептерінде 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар), оқушылар саны 600-ге дейінгі мектептер, оқушылар саны 600-ден асатын мектептер жобалық қуатының 50%-нан аспайтындай; мектептен тыс ұйымдар («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда) штаттық форматта оқиды.

«Ал жоғары оқу орындарында және колледждерде («қызыл» аймақ) білім алу аралас форматта болады. Яғни, практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде болса, дәріс онлайн жүргізіледі.

Білім беру ұйымдарының әкімшісінің қалауы бойынша вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға жол беріледі. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы №1 Қаулысындағы оқу форматына қатысты шектеулер алынып тасталды», - деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.


Жоғары қарай