Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында Сырдария арнасынан асты

2018 жылдың 22 наурыз 2018 03:00

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 21 наурызында Сырдарияның Қармақшы ауданы аумағынан мұз жүру кезінде сең кептелісі болып, өзен арнасындағы су деңгейі көтерілді. Нəтижесінде Далдабай елді мекені тұсындағы «Жосалы-Жалағаш» тасжолы бойындағы көпір және жолдың шамамен 500 м аумағының үстін су басты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Судың тасуынан шығын келмеді, яғни жол немесе көпір бұзылған жоқ.

Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов су деңгейінің төмен түскенін, өзен арнасында мұз жүріп жатқанын хабарлады.

Облыс аумағынан мұз жүру процесі өткен айдың 26-да басталған болатын. Бүгінгі таңға дейін 780 шақырым жүріп, ешқандай төтенше жағдай болған жоқ. Бүгінгі жағдайға байланысты Далдабай елді мекенінің тұсында, 780-ші шақырымында мұз кептелісінің салдарынан өзен арнасынан шығып, Жалағаш- Қармақшы тасжолының үстіне шықты. Қазіргі таңда ол жер уақытша жабылып тұр. Су 30 см төмен түсті. Мұз жүру процесі жалғасуда. Қазір Қармақшы ауданының Дүр Оңғар елді мекенінің тұсынан өтіп кетті. Ертеңге дейін жол ашылады.

21 наурыздағы жағдай бойынша облыс аумағына секундына 160 текше метр су келуде. Қызылорда су торабынан секундына 170 текше метр су өтуде.

Қазіргі кезде Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласы аумағындағы өзен арнасы мұздан толық тазарды.

Жоғары қарай