Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысының күріш өсірушілері жаңа рекорд орнатты

2020 жылдың 29 қазан 2020 12:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Қызылорда өңірінде суармалы су тапшылығы бұрынғыдан да өткір болып отыр. Бірақ, суармалы суды тиімді пайдаланудың арқасында уақтылы қабылданған шаралар залалды азайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен қатар, облыс аграрийлері ағымдағы жылы жақсы өнім жинап қана қоймай, күріштің шығымдылығы мен жалпы түсімі бойынша рекорд орнатты, орташа есеппен 1 гектардан 61,8 центнерден күріш жинап, осылайша, ел қоймасына 551 мың тонна күріш салды.

Салыстыру үшін, 2019 жылы Қызылорда облысының аграрийлері 1 гектарданорта есеппен 60,3 центнерден күріш жинап, күріш дәнінің жалпы өнімін 530,5 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.


Жоғары қарай