Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда тұрғыны полицейлерге қарсылық көрсеткені үшін қамауға алынды

2021 жылдың 13 мамыр 2021 15:50

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

12 мамыр күні сағат 13:00 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері орталық көшелердің бірін патрульдеу барысында «Audi» көлігін алдыңғы нөмірі болмағаны үшін тоқтатқан.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында көліктің құжаттары жоқтығы анықталған. Бұл, Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу болып табылады.

Осыған байланысты автокөлікті айып тұрағына алып бару шешімі қабылданған.

«Алайда, бұл шешіммен жүргізуші келіспей, полиция қызметкерлеріне балағат сөздер айтып, өзіне қатысты жасалған ескертулерге мән бермеген.

Бұдан бөлек, тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, оларға күш қолданып, заңға қайшы іс-әрекеттер жасаған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігімен (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», - делінген ақпаратта.

Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында жүргізуші 2016 жылы осы тектес қылмысты жасағаны үшін сотты болып, оған бір жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалғаны белгілі болды.

«Күдікті Қызылорда қалалық ПБ-ның уақытша ұстау абақтысына жеткізілді. Мән-жайлар анықталуда. Полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады», - деп нақтылады полициядан.

Жоғары қарай