Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда жастары мұқтаж отбасылардың балаларына компьютер құрастырады

2020 жылдың 13 тамыз 2020 11:33

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық жастар жаңа оқу жылында әлеуметтік жағынан мұқтаж отбасы балаларын компьютермен қамтамасыз ету мақсатында игілікті істі қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы жылдарда Қызылордада жұмысын бастаған «Жастар ресурстық орталығы» жанындағы ІТ паркте тұрғындар алып келген ескі компьютер кәдеге жаратылады. Мұнда ескі компьютердегі жарамды қосалқы бөлшектер пайдаланылып, соның нәтижесінде басқасы құрастырылады.




Орталықта бұдан бөлек IT кітапхана жастарға қызмет көрсетеді. Кітапханада тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі балалар білімін жетілдіре алады. Оған қосымша арнайы волонтер, ерікті мұғалімдер тартылған. IT кітапханада бар жағдай қарастырылған, интернет желісі қолжетімді.

Халықаралық жастар күніне орай «Жастар ресурстық орталығында» жаңа Syrjastary.kz сайтының тұсаукесері өтті. Сайтта өңір жастарына қатысты күнделікті ақпарат мен жаңалық жарияланады. Көшбасшылар жайлы тың мәліметтер, қажетті кітап қорларының электронды нұсқасы да сол сайтта қамтылады. Жастардың қызығушылығын анықтау мақсатында сауалнама ұйымдастыру қарастырылған.




«Сыр жастары «Birgemiz: Asyl Mura» бағыты бойынша Қоғалыкөл іргесіндегі «Қыш қала» археологиялық аймағына экскурсия ұйымдастырды. Себебі, төл тарихтың парақтарын ақтара отырып, әрбір азамат туған өлкесінің тарихын білуі керек», - деді облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Бауыржан Мастеков.

Тағы бір айта кетерлігі, пробация есебіндегі тұрған жастармен де жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл бағытта пробация қызметімен бірлескен жоба іске асты. Мақсат – психологиялық кеңес беру, жастарға ой салу және жасаған қылмысты қайталамауына септігін тигізу.

Сондай-ақ, Қызылордада волонтерлер археологиялық зерттеу жұмысына қатысады.





Жоғары қарай