Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қызылордада 11 адам  қаза тапқан автобус апатына кінәлілер анықталды

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 19:37

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада «Саутс-Ойл» компаниясының 11 вахталық жұмысшысы қаза тапқан жол апатына кінәлі адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, аталмыш оқиға 2019 жылдың 3 желтоқсанында орын алды. Соның салдарынан «Саутс-Ойл» компаниясының 10 адамы мен автобус жүргізушісі қаза болды.

«Аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды. Онда абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасы .

Ведомствоның мәліметінше, өз міндетіне салғырт қарағаны үшін «Саутс-Ойлдың» вахталық жұмысшыларын тасымалдаумен айналысқан компания директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, «Саутс-Ойл» ЖШС вахталық ауысым бастығы мен «Автотранс» ЖШС директорына қылмыстық іс қозғалды. Олар синоптиктердің дабылды ескертуін қаперге алмаған. Автобустың техникалық жағдайына мән бермеген. Оған қоса жүргізушіде жолдама парағының жоқтығына қарамастан көктайғақта жолға шығуына рұқсат берген.


Жоғары қарай