Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қызылордада 15 наурыздан бері коронавирус анықталған 11 жүкті әйел босанған

2020 жылдың 30 маусым 2020 02:00

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында соңғы тоғыз күнде коронавирус инфекциясы анықталған 8 жүкті әйел босанды. Бұл жөнінде орталықтың бас дәрігері Гүлнәр Жұмашева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас дәрігердің айтуынша, 15 наурыздан бері карантиндік шараларды сақтана отырып, орталықта барлығы 3074 ана босанған. Оның ішінде 11 әйелден COVID -19 диагнозы анықталды.

«Соңғы 9 күнде COVID-19 диагнозы қойылған 8 жүкті әйел босанды. Оларды босандыруға Ақмарал Жанәбіл, Жанар Нұрымбетова, Айнұр Әжімұрат, Дана Нұртазаева, Ақбота Қоңқабаева сынды дәрігер, акушер-гинекологтар атсалысты. Ал акушерлер Айгерім Еңсепбаева, Ғалымжан Құдайберген де бұл бағытта көп жұмыс атқарды. Одан кейін нәрестенің жағдайын қадағалауға Раушан Балтаева, Мақпал Керейтбайқызы, Шынар Қасымова неонатологтар, мейірбикелер қатысты.

Ана мен баланың қауіпсіздігі мен індеттің алдын алу үшін маңызды шешімдер қабылданып, тиісті шаралар дер кезінде атқарылуда. Осыған сәйкес орталықта карантиндік шектеулер қатаң сақталып жатыр. Орталықтың екі ғимаратында да науқастардың күнделікті COVID-19 ауруына күдікті науқастармен байланысын болдырмау мақсатында фильтризолятор қызметі жалғасып, екінші ғимаратымызда провизорлық стационар қайтадан ашылды. Қазіргі таңда орталықтың провизорлық стационары барлық құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен, жеке қорғаныш құралдарымен қамтылған», - деді орталықтың бас дәрігері.

Оның айтуынша, жалпы облыстық перинаталдық орталығында 620 қызметкер жұмыс істейді. Олардың 35-40%-ке жуығы жастар. Пандемия кезінде өмірлерін қауіпке тігіп, қызмет істеген мамандарымыз мемлекет тарапынан қолдау тапты. Дәрігерлер, акушер, мейірбике, тазалықшыларымызға провизорлық стационардан үстемақы төленіп отыр.

Естеріңізге сала кетелік, 27 маусымнан Қызылорда қаласында карантин күшейтілді.

Жоғары қарай