Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада 25 жастағы жігіт Сырдарияға батып кетті

2020 жылдың 5 тамыз 2020 19:51

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 25 жастағы жігіт Сырдарияға суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға облыс орталығына қарасты Тасбөгет кенті аумағындағы өзеннің шомылуға тыйым салынған бөлігінде болды. 25 жастағы жігіт өзеннің жағасына жете алмай қалған.

«Хабарлама түскен сәттен жедел құтқару жасағы дереу іске кірісті. Жасақ құрамындағы 5 маман 1 техника және 1 моторлы қайықпен оқиға орнына жетті. Суға батып кеткен азаматтың денесі 5 тамызда жергілікті уақытпен 8.12-де табылып, судан шығарылды. Мұндай қайғылы жағдайдың барлығы тұрғындардың тыйым салынған қауіпті су айдынында суға шомылып, қауіпсіздік ережесн сақтамау салдарынан тіркеліп жатады. Сондықтан қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.

Жыл басынан бері Қызылорда облысында 23 адам суға батып көз жұмған.

Бұдан бұрын Қызылордада балық аулауға шыққан тұрғын суға батып кетті .


Жоғары қарай