Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада 42 жастағы ер азамат алғаш рет төлқұжат алды

2021 жылдың 23 сәуір 2021 04:00

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында 42 жастағы ер азамат алғаш рет төлқұжат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шиелі ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімше қызметкерлері аудан көлеміндегі тұрғындарды төлқұжатпен қамтамасыз ету бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізіп келеді. Олардың арасында мүлдем құжат алмағандар, және Кеңес одағының 1974 жылғы ескі үлгідегі паспортымен жүрген азаматтар да кездеседі.

Оларды анықтау, барлық мүмкіндікті тиімді пайдалана отырып азаматтарды тез арада құжаттандыру бағытында жоспарлы іс-шаралар жүргізілуде.

«Осының нәтижесінде 42 жастағы ер азамат алғаш рет төлқұжат алды. 1979 жылдың 24 ақпанында дүниеге келген азамат ешқашан төлқұжат алмаған. Жеке басын куәландыратын құжаты болмауына байланысты ол биыл аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесіне жүгінген болатын. Оған тиісті мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қазіргі таңда аталған азаматтың құқықтық мәртебесі реттелді. Ол Қазақстан Республикасының жеке куәлігімен құжаттандырылды», - деп мәлім етті Шиелі аудандық полиция бөлімінен.


Жоғары қарай