Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада 78 жастағы әйел коронавирус жұқтырды

2020 жылдың 31 мамыр 2020 12:51

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 78 жастағы әйел адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы тәулікте облыста 25 адам қатерлі індетті жұқтырған.

Олардың 10-ы Қызылорда қаласында, 10-ы ‒ Арал, 1-і ‒ Шиелі, 2-уі ‒ Жаңақорған, 1-уі ‒ Қазалы ауданында тұрса, 1-уі Шымкент қаласынан келген.

«Олардың арасында ең үлкені - 1942 жылғы әйел адам. ПТР анализдері 17 науқастан ауру жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты алынған. Ал 3 адамнан ол скринингтеу кезінде анықталса, 2 адамнан Алматы, Шымкент қалаларынан келуіне байланысты, 1 адамнан ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес ЖРВИ белгілерінің болуы бойынша, 1 адамнан провизорлық стационарда алынған. Тағы 1 адам өз қалауымен ПТР талдауына сынама тапсырған. Зерттеу қорытындысы аталған азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, олармен қарым-қатынаста болғандар анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған 371 адам бар.

Олардың арасынан 233-і емделіп шықты.


Жоғары қарай