Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада «Абай» операсы тұңғыш рет сахналанды

2020 жылдың 29 қазан 2020 09:56

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Абай» операсы тұңғыш рет сахналанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шара қазақтың бас ақыны Абайдың 175 жылдығына арналды. Қазақ өнерінің белгілі тұлғалары Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсының тұсаукесері онлайн түрде өткізілді.

Операның қоюшы режиссері - Шымкент қалалық опера және балет театрының режиссері әрі солисі Қайрат Құлыншақов. Басты рольді облыстық филармония әншісі Айдос Иманжаппаров сомдады.

«Қойылымда облыстық филармонияның, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының әртістері, камералық оркестр өнерпаздары қатысты. Сондай-ақ, онда «Томирис» би ансамблі, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің «Ән салу» бөлімінің студенттері мен аралас хор ұжымынан құралған 100-ден аса өнерпаз өнер көрсетті», - деді Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының мамандары.





Қойылым облыстық филармониясының камералық оркестрінің сүйемелдеуімен өтті. Дирижері «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің, «Құрмет» орденінің иегері Кеулімжай Ботабаев.

Сондай-ақ, Қызылордада 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары жүзеге асырылуда.


Жоғары қарай