Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада әкім сайлауында партиялық емес байқаушылар жұмыс жасауда

2021 жылдың 25 шілде 2021 19:09

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 40 ауылдық округте өтіп жатқан әкім сайлауында партиялық емес байқаушылар жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпаарт тілшісі.

«Елімізде тұңғыш рет ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Біздің мақсатымыз - сайлаудың ашық, әділ, заңнамаға сәйкес өтуіне үлес қосу» - деді «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Жандос Тұсмағамбетов.

Оның айтуынша, байқаушылар шілде айының басында арнайы оқу семинарынан өткен. Өз міндеті мен құқығын жақсы біледі.

Байқаушылар таңғы 6-дан бастап сайлау учаскелерінде дауыс беру үдерісін бақылауда.

Сайлауға ауыл тұрғындары белсенді қатысып, өз таңдауын жасауда. Бақылаушылардың айтуынша, осы уақытқа дейін сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтар орын алған жоқ.

Сыр өңірінде 146 ауылдық округтің 40-ында ауыл әкімі сайлануы тиіс. Бұл - жалпы ауылдық округтердің 27,4% құрап отыр.

Сайлауды ұйымдастыруға 7 аумақтық және 54 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылған.

Ауыл әкімі лауазымына 122 кандидат үміткер болып отыр. Оның 49-ы - саяси партиялардан болса, 80-і - өзін-өзі ұсынушылар.

Орта есеппен бір орынға 3 кандидаттан келеді.


Жоғары қарай