Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада балық шаруашылығын дамыту үшін арнайы бағдарлама жасалды

2020 жылдың 23 қараша 2020 12:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданып, оны іске асыруға 28 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдағы уақытта Қызылорда облысында балық экспорты жаңа деңгейге көтеруге мән беріледі.

Осы мақсатта балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруға 28 млрд теңге қарастырылады.

Сол кезеңге дейін аймақта 55 тауарлы балық аулау фермасы іске қосылады. Жаңа өндіріс тауарлы балық көлемін 34 есеге арттыруға жол ашады.

Нәтижесінде балық өнімінің экспорты 4,2 тоннадан 8,5 мың тоннаға дейін артады. Одан бөлек өңірде 10 тоған және 4 торлы ферма құрылғысы салынады.

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ішкі нарыққа қажет өнім өндіру үшін шағын өндіріс орындарының үлесі артып келе жатқанын жеткізді.

«Биылдан бастап Сыр өңірінде макарон, бұқтырылған қой, сиыр және жылқы етінен консерві дайындау өнідірісі іске қосылды. Өңірде жылына 1500 тонна құс етін өндіретін фабрика ашылады. Сондай-ақ, испан технологиясы бойынша ас тұзын шығаратын цех, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру зауыты, 1200 басқа арналған ірі қара малын өсіру және сүт өңдеу кешені салынады», - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, бүгін Орталық коммуникациялар алаңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың брифингі басталды.


Жоғары қарай