Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Қызылордада белгілі кәсіпкердің жоғалуы: Қылмыстық іс қозғалды

2020 жылдың 25 ақпан 2020 21:50

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада белгілі кәсіпкер Тынымбай Баженовтің із-түссіз кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 15 ақпаннан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

«Кәсіпкерді іздеу жұмыстары жалғасуда. 24 ақпан күні облыстық прокуратура және полиция департаменті басшыларымен осы мәселеге байланысты арнайы жиналыс өткізілді. Т. Баженовтың із-түссіз кетуіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына (кісі өлтіру) сәйкес іс қозғалды. Қалған мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс облыстық прокуратура, облыстық ішкі істер басқармасы басшыларының қатаң бақылауында.

Баженовтың белгісіз бағытқа жоғалып кетуіне байланысты 24 ақпанда кісі өлімі жөніндегі сотқа дейінгі тергеп тексеру ісі облыстық прокуратураның нұсқауына сәйкес ҚР ҚК 99 бабымен (кісі өлтіру) сараланды. Қазіргі таңда тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін облыстағы белгілі кәсіпкер Тынымбай Баженов жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қызылорда облысы, Оқиға,
Жоғары қарай