Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылордада биыл 200 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

2022 жылдың 11 қаңтар 2022 21:25

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері 200 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл қатерлі індеттің қайта күш ала бастағанын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 19 634 жағдайы тіркелді.

Оның 70% клиникалық белгісімен анықталды.

Облыс қазір эпидахуалды бағалау матрицасы бойынша «жасыл» аймақта тұр.

Дегенмен соңғы жеті күндегі көрсеткіш коронавирустың қайта күш ала бастағанын көрсетті.

Жылдың басынан бері COVID-19 инфекциясына 200 тұрғын шалдықты.

Бұл өткен желтоқсан айындағы барлық тіркелген деректен 28 пайзыға жоғары. Тәуліктік көрсеткіш те 2-3 деректен 40-қа жуық жағдайға дейін көтерілді.

«Өткен тәулікте 37 жағдай есепке алынды. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 7 бала коронавирус жұқтырды. Өңірде эпидахуал күрделене түсті. Оның басты себебінің бірі - азаматтардың сақтық шараларына салғырт қарап, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындамауы салдарынан туындады. Аймақта жұқпалылығы жоғары «омикрон» штамының болуы ықтимал деген болжам бар», - деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депаратментінен.


Жоғары қарай