Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада биыл кент және ауылдық округтерді дамытуға мән берілді

2020 жылдың 29 шілде 2020 10:17

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биыл Қызылорда қаласында кент және ауылдық округтерді дамытуға мән беріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалаға қарасты Қызылөзек ауылдық округінде биыл 8 жоба қолға алынған. Оның ішінде 3 нысанға аталған бағдарлама негізінде қаржы бөлінген. Бұл бойынша 60 адам еңбекпен қамтылған. Сол арқылы Қараөзек бекетіндегі 2,5 шақырымды құрайтын орталық көшедегі жолға орташа жөндеу жүргізіліп, асфальт салынады. Ал ұзындығы 1,5 шақырымға созылатын Ж. Жабаев көшесіне қиыршық тас төселуде. Бағдарлама аясында бекеттің жол мәселесімен тұрғындарды ауыз сумен қамту мәселесі оң шешімін тауып жатыр.

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы мен елді мекенді аралау барысында онда атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Атқарылып жатқан жобалар бойынша тиісті мекеме мамандарымен пікірлесті.




2013-2019 жылдар аралығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде барлығы 7 дәрігерлік амбулатория салынды. Солардың бірі - Қызылөзектегі дәрігерлік амбулатория өткен жылы бой көтерген болатын. Онда жергілікті тұрғындар қала басшысына дәрігер қажет деген өтінішін жеткізді. Бұған байланысты қала әкімі тиісті сала басшыларына аталған мәселені тезірек шешу жөнінде тапсырма берді.

Қызылөзекпен іргелес жатқан Талсуат ауылдық округінде 2500-ге адам тұрады. Мұнда аталған бағдарлама бойынша биыл 8 көше күрделі жөндеуден өтуде.

Нұрлыбек Нәлібаев биыл басты назарда Қызылорда қаласына қарасты 2 кент, 7 ауылдық округті дамыту мәселесі ұсталып отырғанын жеткізді. Нәтижесінде елді мекендердің кіре беріс жолы, қоғамдық көлік жүретін негізгі көшелер, балабақшаға, мектепке қатынайтын жолдаың барлығы асфальтталады. Сондай-ақ,, жаяу жүргінші жолдары салынады.

Осындай игілікті істердің нәтижесінде Талсуатта биыл 3,3 шақырымды құрайтын төрт көшеге «Жұмыспен қамту жол картасына» сай қаржы қаралған. Ал бір көше «Өңірлерді дамыту» бойынша жөнделуде. Демеушілік есебінен тағы 3 көшеге асфальт төселеді.

Облыс орталығымен іргелес жатқан Тасбөгет кенті -тұрғындар жиі қоныстанған елді мекеннің бірі. Ол бұрын аудан орталығы болған. Сондықтан көптеген түйткілдер шешімін тапқан. Кентте көшелердің 70 пайыздан астамы асфальтталған.

Қала іргесіндегі кентте биыл 3,9 шақырымды құрайтын 3 көше күрделі жөндеуден өтуде. Қазіргі уақытта тас төсеу жұмыстары аяқталып, негізгі жұмыстар басталған. Күрделі жөндеу Т.Батыршаев, Сырдария, Ж. Бәкішов көшелерінде жүргізілуде.

Айта кету керек, биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қала аумағындағы көппәтерлі үйлердің аулаларына 30 ойын алаңы салынуда. Оған қосаа қала аумағынан 3 жерге спорттық-жаттығу алаңдарының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар 60 ойын алаңы қайта жаңғыртылуда.





Жоғары қарай