Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада биыл өңірге 186 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

2021 жылдың 21 қазан 2021 22:48

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында биыл өңірге 186 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл өңірге 186 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір артық.

Мемлекет басшысы 2025 жылы жалпы ішкі өңірлік өнім көлемін 30 пайызға жеткізу керектігі туралы міндет жүктеген болатын. Осы мақсатта Үкімет тарапынан өңірлерге арнайы тапсырмалар жүктелген еді.

«Облыста өңдеу өнеркәсібі саласында 40-қа жуық экспорттаушы кәсіпорын қызмет атқарады. Биыл өңірге Литва Республикасының Елшілігі делегациясы, мамырда айында Өзбекстан Республикасының Бас консулы, қыркүйекте Корея Республикасының Бас консулының іс сапары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Қызылорда қаласы және Франция Республикасының Ножан-сюр-Марн қаласы арасында бауырластық байланыстар орнату туралы келісімге қол қойылды. Бұл Қазақстан мен Франция арасында саяси және мәдени саласындағы ынтымақтастық пен тарихи байланыстардың айқын көрсеткіші», - деді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жанар Берденова.

Оның айтуынша, алдағы уақытта Корея Республикасының Чоллабук-до провинциясымен меморандум жасақтау көзделуде. Бұл провинцияның экономикалық даму сипаты біздің өңірге ұқсас.

Еске салсақ, Қызылордада белсенді халықтың үштен бірі кәсіпкерлікпен айналысуда.


Жоғары қарай