Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіруге адам жалдаған әйел ұсталды

2019 жылдың 17 шілде 2019 17:26

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіру мақсатында адам жалдаған әйел қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрынғы күйеуін өлтірмек болған әйел бұл мақсатта Түркістан облысы тұрғынымен келісімге келеді. Оған жұмысын орындағаннан кейін 20 мың АҚШ долларын беруге келіседі. Ал ол бұл жөнінде полицияға хабарлаған. Сондай-ақ жалған түрде адам өлтірген кейіп танытқан.

«Нәтижесінде полиция қызметкерлері 48 жастағы азаматшаны қолға түсірді. Ол адам өлтіруге жалдаған Түркістан облысы тұрғынын шығарып салуға Қызылорда қаласының шет аймағына келген. Әлгі азаматтың қолына 10 мың теңге ұстатады. Қалғанын бұрынғы күйеуінің мүліктерін сатып болғаннан кейін беретінін жеткізеді. Сол сәтте оны полиция қызметкерлері ұстады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.

Ол полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігінің 8-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу, адам өлтіру жағдайлары көрсетілген.

Жоғары қарай