Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада дала өртінен 700-ге жуық қой қырылды

2020 жылдың 22 қазан 2020 13:27

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дала өрті салдарынан 700 ұсақ мал қырылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

«2020 жылы 21 қазанда сағат 18.50-де Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққорған ауылдық округінің Түгіскен ауылында шамамен 30 гектар болатын шабылған күріш алқабында құрғақ сабан өртенген. Өрт сол күні сағат 21.48-де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД мен еріктілерден құралған 19 адам мен 5 техника жұмылдырылды», - деп мәлімдеді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Алдын ала болжам бойынша өрт салдарынан жеке шаруа қожалығына тиесілі жайылып жүрген 700-ге жуық қой өртеніп кеткен. Одан бөлек, күйіп қалған ұсақ мал бар. Олардың нақты саны анықталуда. Оқиға орнында арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр.


Жоғары қарай