Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада дала өртінен қырылған ұсақ малға өтемақы төлене ме

2020 жылдың 23 қазан 2020 00:10

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дала өртінен қырылған ұсақ малға өтемақы төлеу мәселесі алдағы уақытта комиссия отырысынан кейін белгілі болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, 21 қазанда Жаңақорған ауданына қарасты Түгіскен ауылындағы егістік алқабында жайылып жүрген ұсақ мал дала өртінен шығынға ұшырады .

«Өрттен 263 бас қой өліп, көмілді. Оған қоса 685 қойды күйік шалған. Олардың қаншасы тірі қалатыны әзірге белгісіз. Өтемақы талапқа сәйкес төрт жағдайда төленеді. Бұл мәселе нақты комиссия қорытындысынан кейін белгілі болады», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайратбек Сәрсенбаев.

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Руслан Қайрақбаев өрттің шығу себебі әзірге анықталып жатқанын жеткізді.

«Қазір өрттің шығу себебіне сараптама жасалуда. Нақты қорытынлы содан кейін белгілі болады» дейді департамент бастығының орынбасары.

Жоғары қарай