Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қызылордада достарымен суға түскен 22 жастағы жігіт дарияға батып кетті

2020 жылдың 10 тамыз 2020 04:00

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 22 жастағы азамат Сырдария өзеніне суға батып кетті, деп хабарлайды ҚаззАқпарат тілшісі.

Оқиға 9 тамызда жергілікті уақытпен 12.20-да болды. Облыс орталығына жақын орналасқан «Пищевик» саяжайы аумағында Сырдария өзені түскен жігіт жағаға қайта жете алмады.

«Ол белгіленбеген жерде суға шомылған. Қасында достары болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағында қызмет атқаратын 5 құтқарушы 1 техника және 1 қайықпен оқиға орнына барды. Сағат 15.07-де мәйіт судан шығарылды», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз маманы Айгүл Нұрманова.

Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар және облыстық полиция департаменттерінен, жедел жәрдем бригадасынан мамандар келді. Оқиға орнында барлығы 18 қызметкер, 5 техника жұмыс жасады.

Естеріңізге сала кетелік, 9 тамызда Қызылорда қаласында Шіркейлі каналына суға батып кеткен 28 жастағы жігіттің мәйіті іздестірілуде.



Жоғары қарай