Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылордада емізулі баласы бар әйел изоляторға қамалған – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 20:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Қызылорда облысындағы қамауда болған аналардың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаппай тәртіпсіздіктерге дейін бейбіт митингілердің болғаны туралы мемлекеттік деңгейде танылған фактіні ескере отырып, барлық процестік талқылауларды толықтыру керек. Осыған байланысты Бас Прокуратураға жергілікті аумақтардағы арнайы және тергеу прокурорларына, әсіресе Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Ақмола облыстарына қатысты тиісті шаралар қабылдауды тапсыруды сұраймын. Прокурорлар тексеруді күшейту туралы талап тергеу мен қамауға алынғандардың медицинаға қолжетімділігіне де қатысты», - деді ол «Хабар-24» телеарнасында өткен брифингіде.

Оның айтуына қарағанда, былтыр бұл мәселені шешуге үлкен қадам жасалып, жыл соңында медициналық қамтамасыз ету мәселесі Ішкі істер министрлігінен азаматтық Денсаулық сақтау министрлігінің құзырына берілген болатын.

«Бірақ заң толық іске асуы үшін жарты жыл өту керек. Жарты жылдың ішінде біраз шаралар жасалу керек. Барлық қамаудағы азаматтар емделуге қол жеткізуі тиіс. Бұл тек қана Ұлттық заңнаманың талабы емес. Сонымен бірге БҰҰ талабы», - деген Эльвира Әзімова әсіресе, жарақат алған, созылмалы ауруы бар адамдар мен жас балалары бар әйелдерге қатысты бұлтартпау шараларын жеңілдету керек деп есептейтінін жеткізді.

«Мысалы, Қызылорда қаласының тергеу изоляторында екі әйел болған. Олардың біреуі бала емізу кезеңінде, екіншісі 4 жастағы баласы болған. Біздің өтінішімізге сүйеніп, прокуратура бұлтартпау шарасын өзгертті. Аталған әйелдер қазіргі уақытта үйінде, балаларының қасында. Осыған байланысты мен қазір біраз қоғамдық ұйымдармен бірге жұмыс істеп жатырмын», - деген Эльвира Әзімова аталмыш ұйым өкілдеріне алғыс білдірді.


Жоғары қарай