Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қызылордада Илья Ильин «Biz birgemiz» акциясына қатысты

2020 жылдың 25 сәуір 2020 21:19

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада спорт және өнер саласындағы белгілі азаматтар тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға бағытталған «Biz birgemiz» акциясына үлес қосты. Олардың қатарында белгілі ауыр атлет Илья Ильин де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Илья Ильинмен бірге бокстан әлем чемпионатының қос дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен балуан Мақсат Исағабылов та бар.

«Арнайы акция барысында жерлестеріме қолдау көрсетуге тырыстым. Мұндай сәттерде бір-бірімізге демеу жаасуымыз тиіс. Ол - әрбіріміздің азаматтық міндетіміз. Сондықтан игілікті шараға қолдау көрсетуді дұрыс санадым», - деді төрт дүркін әлем чемпионы.

Осындай лебізін Қамшыбек Қоңқабаев та білдірді. Ол қиындықтың барлығы артта қалатынын, алдағы күндерде үлкен жетістіктерге негіз қалайтынын жеткізді.





Белгілі айтыскер-ақын, екі мәрте «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов та мұндай игілікті іске белсенді қатысты. Ол облысқа танымал «Абай-Дәулет» ЖШС қолдауымен Жалағаш ауданындағы аудан орталығы, Далдабай, Аламесек және басқа да елді мекендердегі 100 отбасына азық-түлік көмегін көрсетті.

Сыр өңірінде кәсіпкер және меценат азаматтар тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын созып отыр. Нәтижесінде олардың тарапынан 7800 отбасыға азық-түлік жеткізілді. Сондай-ақ, арнайы құрылған қоғамдық қорға 80 млн теңгеден астам қаржы құйылды.


Жоғары қарай