Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада қала ортасынан ірі есірткі алқабы анықталды

2021 жылдың 15 маусым 2021 01:06

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада полицейлер қала ортасында орналасқан үйден есірткі алқабын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс көлемінде «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Полицейлер жергілікті тұрғынның үйіне тексеру жүргізген болатын. Нәтижесінде ауласынан 189 түп есірткі өсімдігін тәркілеп, гаражынан газет қиындысына оралған жасыл түсті өсімдікті тапты.

«Жүргізілген сапартама нәтижесінде ауласынан алынған өсімдік сора екені нақтыланды. Ал гараждан алынған өсімдік кептірілген марихуана болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру жағдайы көрсетілген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.


Жоғары қарай