Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада қаланың дамуына үлес қосқандар марапатталды

2020 жылдың 26 қыркүйек 2020 10:40

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада қала күні мерекесі «Сыр Ана» алаңында өткен мәдени шарамен қорытындыланды. Онда қаланың өркендеуіне үлкен үлес қосқан бірқатар кісілерге «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шараға қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, көпшілікке құттықтау лебізін білдірді. Ол Қызылорда - Алаштың анасына, бақыттың қаласына айналған, қос ғасырдан аса тарихы бар, қазақ атын қайтарған тарихи қала екенін атап өтті.

Жыл көлемінде қалада көптеген жұмыстар атқарылды. Инфрақұрылым дамып, тұрғын үй құрылысының еселеп артты. Өндіріс көлемі мен ауыл шаруашылығы саласы дамып келеді. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны артып, әлеуметтік нысандар құрылысы жүргізілді. Қала бюджеті ұлғайып, ол жобаланған 68,9 млрд теңгеден 100 млрд теңгеге жетті.





Мерекелік шара қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық-саяси өмірінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарға «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағын беру шарасымен жалғасты. Биыл бұл атақ 17 адамға табысталды. Олардың қатарында қызметтің түрлі сатысынан өтіп, елге сыйлы, қызметте абыройлы болған

еңбек ардагерлері, профессорлар, құқық қорғау, құрылыс, денсаулық, білім, мәдениет саласының ардагерлері бар.





Мерекелік шара соңында биыл өткен республикалық композиторлар байқауында үздік деп танылған әндер орындалды. Сондай-ақ «Қызылорда» атты жаңа әннің тұсауы кесілді.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада қалалық денсаулық және демалыс саябағы ашылған болатын.


Жоғары қарай