Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада каналға батып кеткен жігіттің мәйіті табылды

2020 жылдың 11 тамыз 2020 01:00

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 9 тамызда Шіркейлі каналына жуынуға барған сәтте құлап кеткен 28 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Қызылорда қаласы маңындағы Шіркейлі каналы аумағында елорда уақытымен 05.55-те болды. Жуынуға келген 28 жастағы жігіт суға батып кетті.

«Сол күні құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ол жұмыстар ешбір нәтиже берген жоқ. Іздестіру 10 тамызда да жалғасып, құтқарушылар жігіттің мәйітін жергілікті уақытпен 19.30-да өзі суға батып кеткен аумақтан 300 метр қашықтықтан тапты. Мәйіт су бетінде қалқып жүрген жерінен жағаға шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Оқиға, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай