Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада көліктері қар құрсауында қалған алты аңшы құтқарылды

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 11:47

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында көліктері омбы қарға батып қалған аңшылар құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Жаңақорған ауданына қарасты Бірлік ауылы аумағындағы Қаратау беткейінде болды. 22 қарашада сағат 18.30 шамасында ауылдан алты адам тау жақта аң аулауға шыққан. Олардың қатарында 56, 35 жастағы екі азамат пен бірге 39 жастағы төрт жігіт болған. Қолайсыз ауа райы салдарынан қар қалың жауып, аталған азаматтар үйлеріне қайта алмай қалған.

«Ол жөніндегі хабар 23 қарашада сағат 20.55-те түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің 11 қызметкері 2 техникамен іздеу жұмыстарына кірісті. Жоғалған адамар сағат 6.03-те Бірлік ауылынан 48 шақырым жерде Қаратау беткейінен табылды. Олар мінген УАЗ автокөлігі қар құрсауынан шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада қалың қар жауып, көлік қозғалысына шектеу қойылғаны хабарланды.



Жоғары қарай