Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада коронавирусқа шалдыққан науқастардың 95 пайызы жазылып шықты

2021 жылдың 23 маусым 2021 02:00

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирусқа шалдыққан науқастардың 95 пайызы жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылдан бастап 21 маусымға дейін өңірде 6905 адам қатерлі шалдыққан. Олардың арасында 3542-і клиникалық белгісімен байқалса, 48,8 пайызы симптомсыз түріне душар болды.

Коронавирус инфекциясының 2 пайызы сырттан тасымалданғаны нақтыланса, 58 пайызы скринингтік тексеру нәтижесінде анықталды. Ал 40 пайызы қарым-қатынас арқылы жұқтырғандар болды. Бүгінде ауруға шалдыққан 6905 науқастың 95 пайызы немесе 6560 адам толығымен емделіп шыққан.

Науқастардың 59 пайызы Қызылорда қаласының үлесіне тиеді. Ал аудандар кесімінде жоғары көрсеткіш Жаңақорған, Шиелі және Сырдария аудандарына тән. Науқастардың жас шамасы әртүрлі. Олардың қатарында жаңа туылған нәресте мен егде жасқа дейін азаматтар кездесті. Әсіресе, науқастар арасында 20-69 жас аралығындағы азаматтар саны басым.

Департаменттің мәліметінше, өңірде мамыр айынан бастап коронавирус инфекциясы бойынша көрсеткіштің төмендеу тенденциясы байқалған болатын. Дегенмен кейінгі 3-4 күнде ол 15-25 дерекке өсіп отыр.

Еске салсақ, Қызылорда облысында 120 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы егілді .


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Коронавирус, Вакцина,
Жоғары қарай