Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада коронавирустың екінші толқынына дайындық күшейтілді

2020 жылдың 27 қазан 2020 12:59

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты əрі медициналық мекемелер штатық режимде жұмыс жүргізуде. Дегенмен өңір жұртшылығы коронавирустың екінші толқынына дайындық барысына өз деңгейінде көңіл бөліп отыр. Өңірде 21 инфекциялық стационар қажет болған жағдайда жұмысын қайта жалғастырады. Оларды 3200 төсекке дейін кеңейтуге мүмкіндік бар.

«Қараша айында 200 төсектік модульдік инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Демеушілердің қолдауымен облыстық көпбейіндіжəне Қазалы ауданаралық ауруханаларында оттегі станциясын салу межеленген.

Аталған емдеу орындарында орталықтандырылған оттегімен жабдықтауға арналған қондырғылар орнатылады. Бүгінгі таңда облыстық медициналық мекемелерде 244 желдеткіш, 9 ПТР, 60 рентген аппараттары, 658 оттегі концентраты бар», - деді облыс əкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов брифингте.

Бүгінде аса қажетті болған дəрі-дəрмек түрлерінің 2 айлық қоры құрылды. Ол жөнінен ешқандай проблема жоқ. Сондай-ақ, дəрі-дəрмек сатып алу үшін бюджеттен 350 млн. теңге қаржы қаралды.

«Қазан айында медицина саласына 40 көлік келеді деп күтілуде. Көліктер қазан жəне қараша айларында толықтай жеткізіледі. Сонымен бірге, 3500 медициналық қызметкерге арналған кадрлық резерв жасақталды», - деді облыс əкімінің орынбасары.

Амбулаториялық-емханалық бөлім мамандары күз-қыс мезгілдерінде п андемияның жаңа толқынының пайда болу ықтималдығын ескере отырып, созылмалы аурулары бар тəуекел тобындағы адамдар ерекше бақылауға алды.

Облыста науқастарға көмек жəне амбулаториялық емханалық қызмет көрсететін 138 медициналық мобильді топ жұмыс істейді. Одан бөлек маскалық режим, əлеуметтік ара қашықтықты сақтау, антисептикалық дəрі-дəрмектердің болуы секілді санитарлық эпидемологиялық нормаларды бақылайтын 24 мониторингтік топ жұмыс жүргізеді.

Сондай-ақ, Қызылордада 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары жүзеге асырылуда.


Жоғары қарай