Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада полицейлер экстремалды тренингке қатысты

2020 жылдың 5 желтоқсан 2020 02:36

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлерге арналған экстремалды тренинг өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шара Қызылорда қалалық полиция басқармасының жеке құрам қызметкерлеріне арнап ұйымдастырылды.

Тәртіп сақшылары алдында инспектор-психологтар Ақнұр Сапарова мен Гүлвира Ахбенбетова тақырыпқа сәйкес мәліметтер берді.

«Экстремалды тренинг жаңа және түбегейлі көзқарас қалыптастырады. Ол полиция қызметкерлерінің жұмысы барысында өз септігін тигізеді. Тренингте кәсіби даму, бейімделу, психологиялық қолдау арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, қиын және экстремалды жағдайларда ошешім қабылдауға ықпал жасайды», - дейді шараны ұйымдастырушылар.

Тренингте қатысушылар танысу, «Пирамида», «Кеме» тақырыбы бойынша қызметкерлердің командалық жұмыс істеу дағдыларын белсенді дамытатын интерактивтік ойындар өткізілді.

Тыңдаушылар өткізілген экстремалды тренингтің тиімділігі туралы айтып өтті.


Жоғары қарай