Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қызылордада Ресейден келген студентке коронавирус диагнозы қойылды

2020 жылдың 25 сәуір 2020 14:22

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Ресейден келген студентке коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жақында Ресейден 42 студент келді. Олар арнайы автобуспен елге жеткізіліп, тест сынамаларын тапсырды. Студенттер 14 күн карантинге қатаң бақылауға алынған болатын.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус диагнозы бойынша 170 науқас тіркелді. Олардың ішінде Қызылорда қаласында – 39, Аралда – 4, Қазалыда – 2, Қармақшыда – 4, Сырдарияда – 26, Шиеліде – 66, Жаңақорғанда – 30 жағдай тіркеліп отыр. Оның 65-і сырқатынан айығып, үйлеріне оралды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жақсылық Абдусаметовтің айтуынша, соңғы тәулікте жаңадан 9 дерек тіркелген. Оның 5-еуі – Қызылорда қаласынан , 4-еуі– Шиелі ауданынан.

«Қызылорда қаласынан анықталған 5 азамат індет жұқтырған науқаспен байланыста болып, бақылауға алынғандар. Ал, Шиеліден анықталған 4 науқастың 3-еуі — коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болса, 1-еуі — Ресей елінен келген студенттен анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін хаттамаға сәйкес алуда»,-деді басқарма басшысы.



Жоғары қарай