Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылордада суға кеткен оқушының денесі табылды

2022 жылдың 19 мамыр 2022 23:25

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында каналға суға батып кеткен тоғызыншы сынып оқушысының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, 19 мамыр сағат 15:28-де облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Белкөл кентіндегі каналға 15-16 жасар ер баланың суға кеткені жөнінде хабар келіп түскен.

Оқиға орнына барғанда суға батқан жасөспірімнің кенттегі №189 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы екені мәлім болды.

«Жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов басшылығымен іздестіру шарасына 7 құтқарушы тартылып, қажетті техника мен қайық пайдаланылды. Сүңгуірлер мүрдені су астынан іздеді. Сағат 18.28-де жасөспірімнің денесі батқан жерінен 500 метрдей қашықтықта су астынан табылды», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Оқиға, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай