Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қызылордада Сыр сүлейіне арналған жыр кеші өткізілді

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 13:59

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасында ақын, Сыр сүлейі Дүр Оңғар Дырқайұлының туғанына 160 жыл толуына арналған жыр кеші өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш игі шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынды.

«Жыр кешін өткізудегі мақсат - жастарға Сыр сүлейі, жыр дүлдүлі Оңғар Дырқайұлының өмірі мен шығармашылығын жақын таныстыру. Сондай-ақ, өңіріміздегі жыршылық дәстүрді жалғастырушы жыраулар есімін ұлықтап, мәдени мұрамызға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сыр бойында сүлей атанған жүйріктер шоғырының көрнекті өкілі - Дүр Оңғар жырау 43 жылдық қысқа ғұмырында артына өшпес мол рухани мұра қалдырды. Дүр Оңғардың толғаулары, тойбастар, арнау өлеңдері, жұмбақтары, айтыстары, оқиғалы тарихи жырлары оның ақындық поэзиясындағы ақындық даралығын көрсетеді», - деді шараны ұйымдастырушылар.




Кеш барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Дәстүрлі өнер» кафедрасының студенттері Ізбасқан Дәулетханұлы және Ақсұңқар Бүркітбай өңірімізге белгілі жыраулардың шығармаларын орындады. Қаламыздағы «Өркениет» медициналық колледж студенттеріне Дүр Оңғар Дырқайұлының өмірі мен шығармалары жақын таныстырылды.

Сондай-ақ, Қызылордада түркі халықтарының «Қорқыт және Ұлы дала сазы» фестивалі басталды.

Жоғары қарай