Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада теміржол вокзалы қызметкерлерінің 83% коронавирус вакцинасын салдырды

2021 жылдың 8 тамыз 2021 17:13

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда теміржол вокзалында қызмет атқаратын мамандардың 83%-ы коронавирус вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавируспен күрес барысында қызылордалық теміржолшылар да белсенділік танытты. Теміржол вокзалы қызметкерлерінің 83%-ы екпе алып үлгерді.

«Бүгінде аймақтың бас темір жол вокзалында жұмыс істейтін 198 қызметкердің 165-і екпе салдырған. Вокзал ғимаратында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында дезинфекциялау тұрақты жүргізіліп, 2 дана тепловизор қойылған. Вокзал аумағы темір қоршаулармен қоршалып, пойызден түскен жолаушылар тек бір ғимарат арқылы, дене қызуы өлшеніп барып өткізіледі», - деді «ҚТЖ ҰК» АҚ Қызылорда магистральдық бөлімшесі филиалы директорының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Жандарбек Өтегенов.

Айта кетейік, биылғы жылы аймағымызда темір жол көлігі арқылы 600 мыңға жуық жолаушы тасымалданған.

Еске салсақ, Қызылордадағы университет вакцина қабылдағандарға сыйлықтар мен жолдамалар берді.



Жоғары қарай