Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада түн ішінде жоғалып кеткен екі бала табылды

2020 жылдың 8 тамыз 2020 04:48

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында түн ішінде жоғалып кеткен екі бала аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәлім болғандай, қала тұрғыны полиция қызметіне ойнауға шыққан екі баласының үйіне оралмағанын хабарлаған. Бұл іске жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің жеке құрамы жұмылдырылды.

Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскесіне бағыт-бағдар берді. Адам көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттарды тексерді.

«Іздестіру барысында жоғалған балалар қала орталығында жүрген жерінен аман-есен табылды. Кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жүргені үшін заңды өкіліне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 442-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, ескерту берілді. Балалар және олардың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылордада суға кеткен 11 жасар ұл баланың денесі табылған еді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Оқиға, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай