Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада үш жастағы сәби тоққа түсіп, қайтыс болды

2020 жылдың 29 шілде 2020 17:31

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында үш жастағы сәби электр тогына түсіп, қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 29 шілдеде жергілікті уақытпен 12.10-да облыс орталығындағы әл-Фараби көшесі бойында орналасқан жеке үйде тіркелді. 2017 жылы дүниеге келген бала ата-анасының бақылауынсыз қалған.

«Сәби токқа жалғанған электр сымының жанында ойнаған. Электр тогына түсіп қалған ол оқиға орнында қайтыс болды. Облыс көлемінде мұндай жағдай биыл екінші мәрте тіркеліп отыр. Бұдан бұрын да үш жастағы ер бала тоққа түсіп, көз жұмған еді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қызылорда облысы, Оқиға,
Жоғары қарай